Спорт

"Төбелеске итермелеген әйел кінәлі": Хамитов желіде жас қызбен зорлық-зомбылық жайлы талқылап, елдің сынына қалды (ВИДЕО)

Хамитов: Қызымды Құдайдан кейінгі сенің барың күйеуің деп тәрбиелеймін.

Белгілі спортшы Қуат Найман атымен танылған Хамитов желіде жас қызбен сөз таластырып көпшілікке жақпай қалды. Ол өз сөзінде әйел адам еріне бағынып, соның қас-қабағына қараса үйде төбелес, зорлық-зомбылық болмайды дегенді айтқан.

Жас қыз оның ой дұрыс емес екенін түсіндіруге тырысады. Ал, спортшы болса бұл ұстаным өзімшілдіктен емес екенін, тіпті туған қызына "Құдайдан кейін сен үшін бірінші орында күйеуің" деп тәрбиелейтінін ашық айтады.