Басты жаңалықтар

Астанада өртеніп жатқан ғимаратты 70-тен аса өрт сөндіруші өшіріп жатыр (ВИДЕО)

"Хан шатыры" сауда орталығына жақын орналасқан үлкен ғимараттың жоғарғы қабаты өртеніп жатыр.

Бұл туралы ТЖМ ақпарат таратты, деп хабарлайды KYN.KZ  тілшісі.

"Нақтыланған мәліметтер бойынша ғимараттың сыртқы қаптамасы өртеніп жатыр. Үшінші дәрежелі өрт сөндірушілер сол жерде жұмыс істейді. 16 бірлік техника мен 72 адам жұмылдырылды. Ғимарат әкімшілік және ішінара тұрғын үйге арналған. Оқиға орнында штаб құрылды. Эвакуация жүріп жатыр. ТЖМ құтқарушылары 8 адамды, оның ішінде 1 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, – деп хабарлайды ТЖМ.