Желіде Таразда тұрғын үйлердің жанында болған жерасты жарылысының видеосы пайда болды. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметері келді. Оқыс жағдайға "QazaqGaz Aimaq" АҚ түсініктеме берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Компанияның мәліметінше, 2024 жылғы 22 маусымда сағат 21.50-де "QazaqGaz Aimaq" АҚ Жамбыл өндірістік филиалының апаттық-диспетчерлік қызметіне Тараз қаласындағы Қарасу" шағын ауданында қатты жарылыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен.
“QazaqGaz Aimaq" АҚ Жамбыл өндірістік филиалы жарылыс орнында газ құбыры өтпейтінін, жарылыстың басқа себептер бойынша болғанын және оның анықталып жатқанын хабарлайды", - деді диспетчерлік қызметінің өкілдері.
Газ қызметінің мамандары оқиға орнын газ анализаторымен тексерген, ауада газ концентрациясы табылған жоқ. Аймақ қоршауға алынды. Зардап шеккендер жоқ.