Тоқаев мемлекеттік қызметкерлерді мерекелерімен құттықтады
Бүгін 23 маусым - Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер күні.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызметкерлерді мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
“Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Өздеріңізге Әділетті Қазақстанды құру жолында айрықша міндет жүктелген. Сіздер мемлекет пен қоғам мүддесін қорғап, жасампаздық пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін. Еңбектеріңіз жемісті болсын! – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.