«Ұятты жерімнен ұстап алды»: Астанада ер адам көшеде кетіп бара жатқан әйелге тиісті (ВИДЕО)
Әйелдің ұятты жерін ұстаған ер адам, лифтіге кіре сала порно видеоларын қараған
Астанада ер адам көшеде кетіп бара жатқан әйелге шабуыл жасады. Оның ұятты жерін ұстауға тырысқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы желі қолданушысы парақшаларға бөліскен. Айтуынша, таңғы уақытта белгісіз ер адам оған оғаш қылықтар көрсеткен. Видеода еркектің әйелдің артынан ұстап алғанын байқауға болады. Сондай-ақ, лифтке кірген ол телефонынан порно-видеоларға қараған.
«18.06.24 жылы маған шабуыл жасады. Сағат таңғы 05:45 уақытта «Карима» мейрамханасы жақтағы Мұхамедханова көшесімен кетіп бара жатқанмын. Бір уақытта ер адам «қарындас такси керек емес пе» деп сұрады. Мен «жоқ керек емес» дедім. Ол тағы қайталап айтты. Содан мен артыма қарап «Сізге такси керек емес дедім емес пе» дедім. Сол уақытта ол артымнан келіп ұятты жерімнен ұстап алды. Мен артыма бұрылып, оған айғайлап жібердім. Жан-жақта камера барын айтып, оның ізіне түсетінімді ескерттім. Осы сөздерімнен кейін оның есі шығып, кетіп қалды. Артынан қарап тұрсам «Абсалют» тұрғын үй кешеніне бұрылып бара жатыр екен. Ер адамды видеоға түсіріп алып, басқа жердегі камералардан іздедім. Қарасаңыз, ол тұрғын үйдің 3 подьезіне кірген. Лифтке кірген оның ұялы телефонынан порно видеоларын көріп тұрғанын байқайсыз. Сондықтан байқаңыздар. Менің орнымда сіз, қызыңыз, әпкеңіз болуы мүмкін еді», - деп жазды желі қолданушысы.