«Бүгін 7 ай»: Ерке Есмахан отбасылық суретін жариялап, елді сүйсінтті
Желі қолданушылары жылы лебіздерін айтып, ақ тілектерін жаудырды
Әнші Ерке Есмахан отбасылық фотосессиясын жариялап, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Өнер иесі фотосессияны кіші ұлы Исламның жеті айға толуына қарай ұйымдастырған.
"Жанұя. Исламға бүгін 7 ай. Махаббаттан жаратылған балапан. Аллаға сансыз шүкір айтамын. Әр шаңырақта береке, бақыт, байлық болсын. Жақсылық жұғысты болсын", - деп жазды әнші.