Саясат

Дағыстандағы лаңкестік шабуылды әкімнің екі ұлы ұйымдастырғаны белгілі болды

Атыс кезінде 15 полиция қызметкері қаза тауып, 16 адам жараланған

Дағыстанның Сергокалин ауданының әкімі Магомед Омаров тұтқындалды. Махачкала мен Дербент қалаларындағы лаңкестік шабуылдарды оның ұлдары ұйымдастырғаны белгіл болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Атыс кезінде 15 полиция қызметкері қаза тауып, 16 адам жараланған. Алайда, бұл нақты емес. Әлі де сандар өсуі мүмкін. 

Әкімнің ұлдары Әділ мен Осман  атыс кезінде көз жұмғандардың қатарында болуы мүмкін. Олар шетелдік террорлық ұйымдарға мүше болған.

Магомед Омаров өз еркімен қызметінен кететін хабарлаған. Одан жауап алынатын болады.

Еске салсақ, лаңкестер кеше кешкісін Махачкала мен Дербент қалаларындағы шіркеу мен синагогаға шабуыл жасады. Олар бірнеше адамды атып тастаған.