Мәдениет

"Бір қоңырау түсті": Тұрсынбек Қабатовтың әйелі күтпеген жаңалығымен бөлісті

Ол жақында тағы бір қуанышты жаңалығымен бөлісетінін мәлімдеді

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары, продюсер Мөлдір Мұқанова сериалға түскелі жатыр. Енді ол актриса ретінде өзін сынап көрмек, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Ол әлеуметтік желіде оқырмандарымен қуанышты жаңалығымен бөлісті. Айтуынша, киноға түсуге шақырту алған.

"Ал менде осындай жаңалық. "Сізді сериалға түсуге шақырамыз" деген қоңырау түскенде толқығаным рас. Енді алғашқы ресми түрде (деп қояйыншы) шақыртылуым ғой. Кеше тағы бір қоңырау түсті. Ол жаңалықты кейін айтамын, бұйырса. Құттықтап қойыңыздар, достарым. Біреудің қуанышына шын қуанған адамға қуаныш еселене келеді. Өз тәжірибемнен білемін", - деп жазды ол.