Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Франция құрамасы - әлем чемпионатының бірінші финалисті

Франция құрамасы - әлем чемпионатының бірінші финалисті
ашық дереккөз
2018 жылғы футболдан әлем чемпионатында Франция құрамасы бельгиялықтарды 1:0 есебімен ұтты.
Бұл жайлы «Ленты.ру» корреспонденты жазады. Матч «Санк-Петербург» аренасында өтті. Кездесуде жалғыз голды француздық қорғаушы Самюэль Умтити(51') салды.  Бұл жеңіс француз командасына финалға жолдама сыйлады. Бельгиялықтар ширек финалда бразилиялықтарды жеңді. Роберто Мартинес командасы 2:1 есебімен жеңіске жетсе, франция өз кезегінде уругвайлықтарды 2:0 есебімен ұтты. Екінші жартылай финалда Англия мен Хорватия құрамалары кездеседі. Матч 11 шілде мәскеу уақытымен сағат 21:00-де басталады. Әлем чемпионатының финалы «Лужники» стадионында өтеді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар