Италияда вандализм үшін ұсталған қазақстандық туралы СІМ пікір білдірді
Ол тарихи ғимаратқа заңсыз жазу жазғаны үшін ұсталды
Сыртқы істер министрлігі Италияда қазақстандық туристтің ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Италияда біздің азамат тарихи ғимаратқа заңсыз жазу жазғаны үшін ұсталды. Құқық қорғау органдарында барлық қажетті әрекет аяқталғаннан кейін ол босатылды. Одан әрі сот талқылауы әкімшілік тәртіппен жүргізіледі", - деді СІМ өкілі.
Айта кетейік, қазақстандық турист Помпей археологиялық саябағындағы Цеев үйінің қабырғасына ALI деген жазуды жазғаны үшін ұсталған болатын.