«Қатын сұлқ түсіп жатқаны несі?»: Астаналық мешітке бала ертіп келетіндерге шүйлікті (ВИДЕО)
Мешіт балаларды қыдыртатын ойын-сауық орталығы емес қой”
Желі қолданушысы қаладағы мешітке бала ертіп келетін келіншектерге шүйлікті. Сондай-ақ, ол жақта көсіліп жататын кейбір жамағаттарға ескерту жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Бақыт Сырғабеков есімді азамат өзінің Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған. Ол мешіттегі көріністен видео түсіріп, Мүфтиятқа үндеу жариялады.
“Қазақстан Республикасы Мұсылмандары Діни басқармасы және Республикалық Бас мешіт Бас имамының назарына!
Мешіттің орталық залында осылай бей-берекетсіз аяқ астында жатқандарды реттеуге болатын шығар ниет болса, қанша дегенмен шет мемлекеттерден келген туристерді санамағанда, өзін-өзі сыйлайтын еліміздің азаматтарына да тұрпайы көрінеді екен.
Мешіт балаларды қыдыртатын ойын-сауық орталығы емес қой”, - деп жазған ол.