Қоғам

«10 ай бойы менің отбасым үшін күрескен»: Дана Нұржігіт «тиран күйеуінен» өзін кімнің құтқарғанын айтты

10 ай бойы менің адал атым үшін, отбасым үшін күрескен кәсіби біліктілігі өте жоғары маман

Екінші некесі сәтсіз аяқталған тележүргізуші Дана Нұржігіт ажырасу процесінде өзін кімнің қорғағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Тележүргізуші отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен он ай бойы күрескен. Сол қиын уақыттарда өзін қорғаған адвокатты көпшілікке таныстырды.

«Қайырлы таң, қымбатты оқырмандарым! Таныс болыңыздар! Бұл-адвокат Карпеева Арайлым Қамбарқызы. Астана қаласының адвокаттар алқасы құрамындағы қорғаушы. 10 ай бойы менің адал атым үшін, отбасым үшін күрескен кәсіби біліктілігі өте жоғары маман. Азаматтық, әкімшілік,қылмыстық істерді де қатар жүргізе білетін адвокат. Мақсұт Нәрікбаев атындағы университет ұстазы.  Өткен тікелей эфирлерде сөз бердім ғой, волонтерлық бастама көтеріп, сіздерден келіп түскен сұрақтарға адвокаттар жауап береді деп… Айттым! Бітті! Орындаймыз!Бүгінгі тақырып: «СТАЛКИНГ, КИБЕР-СТАЛКИНГ» Егер белгілі, тіпті сізге белгісіз бір адам ізіңізден түсіп, сіз туралы ақпарат жинап, жолыңызды торуылдап, әлеуметтік желіде болсын, off-line болсын өміріңізді бақылап, мазаңызды алып жатса, бұл – сталкинг! Осыдан қалай қорғануға болады? Міне, осы сұраққа Арайлым Қамбарқызы менің парақшамда өтетін тікелей эфирде жауап береді», - деп жазды Дана Нұржігіт әлеуметтік желдіегі парақшасында.