Қалдыбек Құрманәлі: «Мақпал Заманбек Нұрқаділовке күйеуге шыққанда да дүрбелең болған»
- автор Томирис Тоныкөк
- 24 маусым, 2024
- 21.4k
Композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қалдыбек Құрманәлі Заманбек Нұрқаділов туралы айтып, Мақпал Жүнісова тағдырлы әнші атады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол "Ашық подкаст" youtube-арнасында әңгімеледі.
«Мен Заманбек Нұрқаділовпен араласқан адаммын. Үйіне бардық. Ол кісінің жақсылығын көрдік, араластық, іні болдық, қамқорлығын көрдік. Мақпал Жүнісова әнші ретінде әнімді орындайды. Біздің әлі күнге дейін сыйластығымыз бар. Халық үшін Мақпал тұзы жеңіл секілді көрінеді. Бірақ ол тағдырлы әнші. Кезінде Мақпал Заманбек Нұрқаділовке күйеуге шыққанда да дүрбелең болған. Зәкеңнің қайтыс болғанына 20 жыл. Өзіңіз ойлаңызшы, Мақпалдың орнында басқа әйел болса, Зәкеңнің үйін қажет деп санамай сатар еді. Мақпалға біз рахмет айтуымыз керек", - деді ол.
Композитор Мақпал Жүнісованың Заманбек Нұрқаділовке деген адалдығын айтты.
"Зәкең өз-өзін атты" деп үш оқ тиген үйі мұражай секілді қалып қойды. Қайта бұл жерде Мақпалдың Зәкеңе деген адалдығы деп білемін, екі үйді қатар ұстап отырды. Сондықтан да мен қай кезде де Мақпал жағындамын. Негізі ол үйді мемлекет өзіне алу керек. Болашақта мемлекет сол үйді мұражайға айналдырып, сол көшені Зәкеңнің атымен атаса, тіпті керемет. Мақпалдың мықтылығы: Зәкеңнің құжаттары, бұйымдары, киімдері бәрін сақтаған. Дайын мұражай деп айтар едім. Сол үшін мемлекет мұражайды сатып алу керек", - деді ол.