Мәдениет

“Өмірім әлі быт-шыт”: Динара Қырықбаева ажырасуына не себеп болғанын айтты

Басымнан не өткені туралы сұраса жауап беру қиын мен үшін

Әнші Динара Қырықбаева күйеуімен ажырасуға не себеп болғанын және бес жыл өткенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Анна Данченкоға берген сұхбатында әңгімеледі. 

"Ажырасқаныма 5 жыл болыпты. Үш балам бар, шүкір, бәрі жақсы. Басымнан не өткені туралы сұраса жауап беру қиын мен үшін. Ашық жауап бере алмаймын. Қыз-келіншектер менен ақыл-кеңес сұрайды. Ешкімге ақылшы болғым келмейді. Жеке өмірім әлі быт-шыт болып жатыр. Ажырасқанымды әлеуметтік желіде тек бір рет айтқанмын", - деді ол.

Динара Қырықбаеваның анасы ерлі-зайыптылардың ажырасуына қызғаныштың себеп болғанын алға тартты. Сонымен қатар, құдаларының әлі күнге дейін немерелерін іздеп келмегенін айтты.