“Үйленгім келеді”: Әлішер Каримов жеке өмірі туралы сөз қозғады
Әнші үйленейін десе, бір сәті түспегенін айтты
Белгілі әнші Әлішер Каримов жақын арада үйленгісі келетінін және болашақ жарын өнер жолындағы қыздардан таңдамайтынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өнер иесі жеке өмірі туралы Асхат Садырбайдың Media youtube-арнасына берген сұхбатында сөз қозғады.
“Жақын арада үйленгім келеді. Негізі көптен бері жоспарлап жүргенмін. Бірақ бір сәті түспеді. Неше түрлі себептер болып қала береді. Қазір енді "үйленгім келеді" деп нақты айта аламын", - дейді әнші.
Сонымен қатар, ол өзіне ашық-шашық киінетін қыздардың ұнамайтынын жасырмады. Айтуынша, қыз жұмбақ болып қалуы керек.
"Қыздардың тым ашық киінгені ұнамайды. Әртіс қыздардың де ашық киінгені көзіме біртүрлі көрінеді. Мен үшін қыз деген жұмбақ болуы керек. Болашақ жарымды өнерден таңдамайтын едім", - дейді ол.