Отбасы сәбилерін ұзақ күткен: Алматы облысында өз қызын тұншықтырып өлтірген әйел туралы тың дерек шықты
Көршілері Юлияның қызын үнемі жетектеп жүретінін, кейде жаздың ыстығында қалың киім киетінін байқаған,
Алматы облысы Іле ауданы Арман ауылының Юлия атты тұрғыны 24 маусымда қаладағы демалыс саябағында өзіне қол жұмсады. Ол шолу дөңгелегінен секіріп, сол жерде мерт болды. Кейінірек, ол үйінде 5 жасар қызын тұңшықтырып өлтірді деген ақпарат шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Orda.kz тілшісі Арман ауылына барып, оқиғаның мән-жайын анықтады.
Саябаққа барғанға дейін ол 2018 жылы туған қызы Варвараны үйінде тұншықтырып өлтірген.
Көршілері Юлияның тұрмыстық жағдайының жақсы болғанын, ешқандай ұрыс-керіс естімегендерін айтады. Юлияның күйеуі ІТ маманы болып жұмыс істейді. Олардың отбасылық жағдайы жақсы болған, жақында ғана көлік сатып алған. Жылыны бір рет шетелге демалуға баратын.
Олар бұл ауылда 10 жылдай тұрған. Алматыда да пәтерлері бар.
Отбасы сәбилерін ұзақ күткен. Көршілері ата-анасының қызына барлық жағдайын жасап, аула ішіне бассейн мен төбешік орнатқанын айтты. Бұл жанұяның тағдыры осылай болатынын ешкім ойламаған да.
Көршілері Юлияның қызын үнемі жетектеп жүретінін, кейде жаздың ыстығында қалың киім киетінін байқаған, бірақ психикалық ауытқуы туралы ештеңе естімеген.
«Өзі де, күйеуі де қыздарын үнемі жетектеп жүретін. Марқұм әйел ыстық кезде қалың киіммен жүретін. Аяғына қалың қыстық етік киіп алып жүргенін барлық көршілер бірнеше рет көріпті. Қызын да қалың киіндіріп қоятын. Бірақ психикалық ауруы туралы естіген жоқпыз. Сырт көзге тым жақсы отбасы», – деді Сарбиноз есімді көршісі.
Юлия әпкесі Яна Афонинаға барып, қызын өлтіргенін айтқан соң, қашып кеткен. Яна дәл сол Максим Горький атындағы саябақтың маңында тұратын. Полицияға да бұл туралы Яна хабарлады. Бұл туралы көршілері де білмеген.
Қызын өлтіріп, артынан өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ауыл тұрғындары тек полиция келіп, күә ретінде сөзге тартылған кезде білді.
«Біз полиция келген кезде үйге кірдік. Әкесі өзіне қол жұмсап қоймасын, қарап қойыңыздар деген соң кірдік. Әкесі үн-түнсіз диванда жатыр екен. Ол жұмыстан келіпті. Кішкентай Варварамен үлкен немерем үнемі ойнайтын. Бірақ ешбір кемшілік байқаған емеспіз», – деді тағы бір көршісі Ольга.
Полиция оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр, бірақ басқа ақпарат жарияланған жоқ.