Айнұр Тұрсынбаева шәкіртінің қымбат көлігіне арнайы бағалы сыйлық берді (ВИДЕО)
Айнұрдың сабағына қатысып, кәсібі өрге домалаған ол бүгінде 150 млн теңге тұратын қымбат көлік мініп отыр екен.
Ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева кәсіпкер Қайша Керейге қымбат нөмір сыйлады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, Қайша оның туған сіңлісіндей болып кеткен екен. Айнұрдың сабағына қатысып, кәсібі өрге домалаған ол бүгінде 150 млн теңге тұратын қымбат көлік мініп отыр екен.
«Қазір Қайша өзінің адал еңбегімен қазақтың қаншама ұл-қыздарына кәсіп үйретіп жүр. Кеше ғана өзінің адал ақшасымен 150 млн теңгеге жететін ең қымбат көліп сатып алды. Санаулы жылдағы менің де, Қайшаның да еңбегін өздеріңіз көріп отырсыздар. Қайшаның көлігіне «құтты болсын» айтудың реті бүгін түсті. Бір құшақ гүлімді көтеріп, өзімнің отбасымның атынан сыйлық ретінде 001ККІ, Қайша Керей деген мағына беретін нөмір алып келдім. Барлық қазақ қыздары бай болсын», - деп Тұрсынбаев сыйлығын тарту етті.