Мәдениет

"Бірінші табысыма кафеге барып тамақ жедім": Нұрила Ақберген инстаграмда ақша табу үшін блог жүргізгенін ашық айтты

Нұрила Ақберен: журналист болғаннан кейін телеарнаны қойып, инстаграмға көштім. Ол менің хоббиім болды. Екіншіден біз материалдық қиындықта кезде мен орамал тағу курсын саттым.

"Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасұлының экс-әйелі Нұрила  Ақберген " Көзқарас подкастына" ашық сұхбат берді. Онда экс-әншінің жары отбасы, жеке өмірі жайлы кеңінен айтқан. Сөзінше Нұрила Ақберген Тараздағы телеарналардың бірінде 17 жасынан бастап бағдарлама жүргізген. Кейіннен Қазақстан арнасындағы "Таңшолпан" бағдарламасын тізгіндеген, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

"Мен "Меломен" тобы мүшелерімен  Тараздағы концерттерінде танысқанмын алғаш рет. Кейіннен Астанада "Таңшолпанда" жүріп, олар жайлы сюжет жасадым. Содан бастап Ғабит ізіме түсті. Күнде кездесу, күнде үйіме келіп алатын.

Бас - аяғы 6 айда ғой деймін үйлендік. Басында екі балаға дейін пәтерден пәтер көшіп жүрдік. Мен балаға қарап, жұмысты тастадым. Материалдық қиындықтар да болды. Мен телеарнадағы жұмыстан кейін инстаграмды қолға алдым. Тюрбан, орамал тартуды қыздарға үйреттім. Тіпті қазір күлкім келеді, қыздарға орамал тағу сабағын сатқан адаммын.

Қыздармен балаға түсетін ақшаға гәп ойнайтынбыз. Сол баланың ақшасын құрбыларыма беремін. Содан бір саудада жүрген құрбым әИнстаграмың жақсы кезде сауда жаса" деген кеңес айтты. Өзі бәрін түсіндіріп берді. Бұған дейін киноға шығуды армандап жүретінбіз. Бірде артық ақша жоқ, бірде баламен отырасың. Содан сол гәпке жиналған ақшаға , бірінші саудамның ақшасына кафеге барып рахаттанып тамақ жедім. Ондай мүмкіндік жоқ болды негізі ол кезде бізде. Күйеуім "Саған адамдар садақа беріп жатыр" деп ұрысты.

Мен "Онда сол ақшаны сен бер, мен инстаграмды тоқтатайын" дедім. Мен көріп тұрмын ғой, оның расымен жағдайы жоқ беруге. Енді жоқ адамға тауып бер деу менің мінезімде, бойымда жоқ зат. Содан әрі қарай инстаграмымды дамыта бердім. Тапқан ақшама азық-түлік аламын, киноға бардым, бөлеммен балаларды алып алып қыдырып, рахаттанып жүрдім",-деп есіне алды Нұрила  Ақберген.

Журналист 6,5 жыл болған тұрмыстық өмірде  күйеуінен 8-10 мәрте таяқ жегенін айтты. Ең ауыры таяқ жеп, мұрны сынған сәтті есіне алды. Ол өз сұхбатында күйеуі оны орамал тағуға міндеттегінін де жасырмады.