Қоғам

Бишімбаевтың аппеляциялық соты тікелей эфирде өтеді

Сот отырысы бүгін сағат 10:00-де өтеді

Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы бүгін сағат 10:00-де өтеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Аппеляциялық сот отырысы тікелей эфирде өтеді. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Жоғарғы Сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылдады», – делінген хабарламада.

Сот отырысының онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-арнасынан көре аласыздар.