Қоғам

Қызына үйленуге ұсыныс жасаған жігіт сөзін ұмытып, көптің күлкісіне қалды (ВИДЕО)

Жігіт маңызды сәтте қатты қобалжығаннан айтар сөзін ұмытып қалған

Желіде қызға үйленуге ұсыныс жасауды ұмытып кеткен жігіт көптің күлкісіне қалды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Аталмыш видео Бекарыс Қошқарбайдың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

"Жігіт қобалжығаннан бәрін ұмытып қалды-ау. Жастар бақытты болсын", - деп жазған ол.

Айтатын сөзін ұмытып қалған жігітке достары камера арқасында "гүлді бер", "енді сөз сал" деп айғайлап жатыр. Желі қолданушылары жігіттің маңызды сәтте қобалжығанын жазып, жастарға ақ тілектерін білдірді.

«Бақыттары баянды болсын! Ұл-қыздары көп болсын», "Алла бақыттарын баянды етсін», «Бақытты болсын жастар» деп жазған.