Мәдениет

"Иіскеп, аңсап жылайды": Жазира Байырбекова әсерлі жазба қалдырды

Әңгіме арқылы әнші күйеуінің шұлықты әр жерге бір шешіп кететініне еш ренжімейтінін білдірген

Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында шұлық туралы жазба қалдырып, оқырмандарының жүрегін елжіретіп қойды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Әнші бұл туралы өзінің желідегі парақшасында жазды. Әңгіме арқылы әнші күйеуінің шұлықты әр жерге бір шешіп кететініне еш ренжімейтінін білдірген. 

"Үйде күйеуінің шұлығы.
Марқұм Бейғазының әйелі Гүлшат үйін жинап жүріп бірнеше жыл қозғалмаған шифонердің артынан өмірден өтіп кеткен күйеуінің носкиін тауып алады. Отыра қалып (иісіне де,кіріне де қарамай) иіскеп,аңсап жылайды. Гүлшаттың осы әңгімесі мәңгі есімде қалып қойды.Содан бері күйеуім носкиді қай жерге шешіп кетсе де ренжімейтін болдым», - деп жазды әнші.