Түркістан облысындағы балабақшада 34 бала уланып қалды
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 маусым, 2024
- 692
Түркістан облысында балабақшада балалар жаппай тамақтан уаланып қалды. Болған жағдайға байланысты Келес аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "Opennews.kz" сайтына сілтеме жасап.
24 маусым күні таңғы астан кейін сағат 11:00 шамасында балалар өздерін жайсыз сезінген. Сөйтіп балабақша қызметкерлері дәрігер мен мейірбикені шақырып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Тамақтан уланған балалардың саны 34-кет жетті. Қазіргі уақытта бүлдіршіндер дәрігерлердің бақылауында.
Оқыс жағдайды Түркістан облысы білім басқармасы өз бақылауына алды. Сондай-ақ Келес аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан тексеру жұмыстары жүргізді.
Түркістан облысы білім басқармасы таңғы аста балаларға берілген ботқаның құрамы мен сүттің құрамы сараптамаға жіберілгенін мәлімдеді. Балалардың уланып қалуына байланысты Келес аудандық полиция бөлімі тарапынан қылмыстық іс қозғады.
Ұқсас жаңалықтар
Мектеп директоры оқушыларды ұрған: желіде видеосы тарады (ВИДЕО)
- авторТомирис Тоныкөк
- 3 қараша, 2024