46 градустық ыстық келді: 27 маусымға арналған ауа райы болжамы
Қызылорда, Түркістан, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында аптап ыстық болады
Синоптиктер 27 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар ел аумағы арқылы жылжитындықтан найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында қатты жаңбыр күтіледі.
Тек шығыста, орталықта, Түркістан, Павлодар, Жетісу облыстарында негізінен жауын-шашын жаумайды. Ел аумағы бойынша жел күшейеді.
Республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде дауыл соғып, бұршақ жауады.
Күндіз Абай, Жетісу, Ұлытау, Алматы, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында аптап ыстық болады.
Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Жетісу облысында, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау, Абай облыстарында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, шығысында күн өте қатты ысиды.
Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Абай, Жетісу, Ұлытау, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ұлытау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Абай, Жетісу, Атырау облыстарында төтенше өрт қаупі бар.