Қоғам

Алматыдағы автобус апатына себепкер күдікті ұсталды

Мақатаев пен Масанчи көшелерінің қиылысында адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматыда адам өліміне әкелген автобус жол-көлік апатына себепкер болған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы қалалық полициясы хабарлады мәлімдеді.

«Мақатаев пен Масанчи көшелерінің қиылысында адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жол апатына себепкер болған жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», -деп хабарлады Алматы жол полициясы.

Апат болған сәтте қоғамдық көлік қандай жылдамдықпен қозғалғанын анықтайтын сараптама да тағайындалды.