Қоғам

«90% әңгіме тек секс»: Ахметбек Нұрсила жыныстық қатынас тақырыбында сөйлеп жүрген орамал таққан әйелдерге шүйлікті

Ол сексолог, тренер Әнел Нұржаубаеваны садомазохизмді насихаттауда деп айыптады.

Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила жыныстық қатынас туралы айтатын орамалды келіншектерге шүйлікті, деп жазады KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол сексолог, тренер Әнел Нұржаубаеваны садомазохизмді насихаттауда деп айыптады.

«Діңкеш келіншектер садомазохизмді ашық насихаттауда. Бұны миллиондар көреді!!! Құқық қорғау орындары, депутат мырзалар қалай ойлайсыздар бұл қоғамды аздыру емес пе?», - деп жазды facebook парақшасына.

Сонымен бірге, соңғы уақытта ислам діні тек секс тақырыбын қозғап кеткенін жазды.

«Ислам дінінде неге  90% әңгіме тек секс болып келеді? Көзі тірі күйеуінің көзінше осындай әңгіме айту қазақ әйелі үшін масқара ғой», - деген ол орамалды келіншектің видеосын жариялады.