Қоғам

«Өз-өзіне қол жұмсайтынын айтқан: Алматыда туған қызын тұншықтырып өлтірген әйелге қатысты тың дерек

Оның жан дүниесінде баласының ауруына қатысты осындай дағдарыс болған шығар

Алматы облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Айгүл Есімбекова өз қызын тұншықтырып өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсаған әйел туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

"Қызы Даун синдромымен туған. Әйел ішкі күйзеліс пен үмітсіздік жағдайында осылай істеуге шешім қабылдады. Әйел әпкесіне келіп, өз-өзіне қол жұмсайтынын айтқан. Әпкесі оны тыныштандыруға тырысқанымен, ол саябаққа кетіп қалған. Күйеуі IT маманы, қаржылық жағдайы жақсы болған. Психиатр есебінде тұрмаған. Оның жан дүниесінде баласының ауруына қатысты осындай дағдарыс болған шығар. Бәлкім, әйел баласын абайсызда өлтіріп алып, содан кейін өзін кінәлі санап, осындай қадамға барған шығар", – дейді ол.