Жаңбыр, бұршақ, дауыл: синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады
Бұршақ, дауыл және желдің күшеюі күтіледі.
Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Метеорологтар мәліметінше, Қазақстанда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде нөсер болады. Бұршақ, дауыл және желдің күшеюі күтіледі.
"Ауа температурасы біртіндеп төмендеп, Қазақстанның солтүстігінде және орталығында +18+28 дейін, шығыста +20+35 дейін, оңтүстікте +23+33 дейін, оңтүстік-шығыста +16+33 градусқа дейін түседі, ал елдің батысы мен солтүстік-батысында күрт өзгерістер күтілмейді", - делінген хабарламада.