Кәрім Мәсімовке рақымшылық берілмеді
Кәрім Мәсімов президенттен рақымшылық жасауды сұрап, өтініш жолдаған.
ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке рақымшылық берілмейтін болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы мәжіліс депутаты Абзал Құспан өз парақшасында бөлісті.
«Президент жанындағы азаматтарға кешірім жасау жөніндегі комиссиясы Кәрім Мәсімовке кешірім беруден бас тартты», - деп жазды ол.
Мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов президенттен рақымшылық жасауды сұрап, өтініш жолдаған.