Басты жаңалықтар

Астанада LRT құрылысы жанып жатыр (ВИДЕО)

Алматы ауданындағы бағаналарының бірінде өрт шыққан

Астанада LRT өртке оранды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

«Алматы ауданында Нұрлы Жол темір жол вокзалының маңында салынып жатқан LRT бағаналарының аралықтары арасындағы қалыптар жанды. ТЖМ күштерімен өрт 30 ш.м. алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады ТЖМ. 

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.