“Өмірдегі ең үлкен қатем”: Қойшы бала Жігер Ауыпбаевтан кешірім сұрады
Айдос Кәден өнерден кететінін айтты
Әнші Жігер Ауыпбаевтың шәкірті Айдос Кәден өнерден кететінін мәлімдеді. Ол көпшілікке «Қойшы бала» атымен танылған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол өзінің ТiкTok парақшасында жазып, тыңдармандардан кешірім сұрады.
«Бұйырса, ағайын, өнерден кетемін. Сәл өнерде жүре тұрайын. Өмірдегі ең үлкен қатем – Жігер ағамнан кетіп қалғаным. Кешіріңіздер”, – деп жазба қалдырды ол.
Желі қолданушылары оның Жігер Ауыпбаевпен ара-қатынасының дұрысталуын тіледі.