Басты жаңалықтар

Қарапайым халыққа жұдырығын ала жүгіретін әкімдер туралы не білеміз?

Қарапайым халық өкілдерін аяусыз тепкіге алып, айыппұл төлеумен шектеліп, жазадан құтылған әкімдермен таныса отырыңыз

Бұл туралы 31 арна жазды Жақында Ақмола облысында апталдай азаматты соққыға жығып, тіпті "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізді" деп айыпталған Курская ауылының әкімі Владимир Рагозный қатысты іс шешімі оны бар болғаны орнынан босатты.  width= Қорғалжын ауылдық аймағының әкімі Жанат Омаров 14 жастағы мектеп баласын тепкінің астына алған. Бұл іске мәжіліс депутаттары араласқан соң ғана әкімге қатысты тергеу жұмыстары қозғалған. Кейін әкім осы ісі үшін бар болғаны 36 мың теңге айыппұл төледі.  width= Талдықорған әкімінің орынбасары болған Асқар Тұтыбаев өз кабинетінде кәсіпкер Алмас Садырбаевпен төбелескенін халық есінде әлі бар.  width= Осыған дейін Түркістан облысында журналист Ләззат Асанова Киелітас аулының әкімі Полат Төребековтен таяқ жегені жайлы жазған болатынбыз. Ауыл әкімі оны балағаттап, ұрып, телефонын тартып алғаны да тұрғындардың жағасын ұстатты. Қазір келіншек ауруханада.  width= Ақмола облысы Есіл ауданы Двуреченский ауылдық округінің әкім Қайрат Мусин ауыл тұрғынына билік өкіліне жараспайтын қылық көрсетіп, балағаттаған. Тіпті жігітке қол көтерген.  width= 2017 жылы Түлкібас ауданына қарасты Ақсу Жабағылының тұрғыны Асқар Қойлыбаев ауыл әкімінің үстінен арыз айтты. Ол өзін Майлыкент ауылдық аймағының басшысы Келесбек Жартыбаев ұлы мен күйеу баласын жанына алып, жабыла тепкілегенін жайып салған еді.  width= Қостанай облысындағы Қалам-Қарасу ауылының әкімі Қанатбай Тұрмағамбетовтің әйелді ұрғаны да жұрттың жағасын ұстатқан жайт болды. Әкімдік алдында құлап жатқан билбордты суретке түсірген әйелді Қанатбай Тұрмағамбетов тұншықтырып, кеуде тұсынан бірнеше рет ұрып, түкіріп жіберген. Ал сарапшылар жасаған қорытындыда әйелдің миы шайқалғаны, әртүрлі дене жарақатын алғаны айтылған еді.