Қоғам

Германияда өлтірілген экс-судья Айгүл Сайлыбаева Алматыда жерленді

Ағасы қарындасының денесі туған топырағына жерленгенін хабарлады.

Германияда өлтірілген экс-судья Айгүл Сайлыбаева Алматыда жерленді. Бұл туралы "Қазақпарат" хабарлады.

Агенттік тілшісіне жерлеу туралы ақпаратты марқұмның ағасы Жанат Сайлыбаев растаған. Еске сала кетейік, зорлықпен өлтірілген экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның мәйіті Германиядан табылған болатын.

Кейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Германияда жоғалды делінген Қазақстан азаматшасы Айгүл Сайлыбаева өлі табылғанын растаған. Артынша неміс полициясы Қазақстан азаматшасы Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты түсінік берген еді. 

Германияда өлі табылған экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның қолынан, мойнынан және бетінен пышақ жарақаты табылған болатын.