Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Қажылықпен құтылмақ":Заңгер Абай Бегейдің блогер қызы Ерке Ниязқұлованы алаяқтық бойынша сотқа берді (ВИДЕО)

"Қажылықпен құтылмақ":Заңгер Абай Бегейдің блогер қызы Ерке Ниязқұлованы алаяқтық бойынша сотқа берді (ВИДЕО)
Инстаграм
Заңгер: Абай Бегей мырза, бұған не дейсіз? Жазасын қайырымдылықпен құтыламыз деп ойлайсыз ба?

 Заңгер  Нұрсұлтан Орынбеков өзіне жазған  халықтың шағымы бойынша әнші Абай Бегейдің блогер қызы Ерке Ниязқұлованың үстінен арыз жазылғанын айтты. Тағылған айып, блогер мыңдаған маңғыстаулық алданған лотереяны жарнамалаған, алаяқтықты үгіттеді, елді адасуға апарды.

Заңгер өз парақшасында әнші Абай Бегейдің өзіне де қаратып сөз айтқан.

"Келесі кезек Ерке Абайқызы. Заңсыз лотерея мен алаяқтыққа қандай қатысы болуы мүмкін? Еркенің еркелігін қара халық көтере береді ма екен? Бұл бойжеткеннің заңсыз лотерея  ұйымдастыруы бойынша тиісті құзырлы органға  арызы жолданды. Жақында повесткасы жетіп қалады. Оған қоса мыңнан астам маңғыстаулықтың алдануына қандай қатысы бар? Халық арасында "семейный лотерейниктер" деген аттақтары бар екен",-деп жазды заңгер.

 Нұрсұлтан Орынбеков бұдан кейін Еркенің әкесі әнші Абай Бегейге қарата пост жазған. Сөзінше олар ел алдында қажылыққа барғанын көрсетіп, бірақ дінде харам деп көрсетілген жолмен табыс табатындарын меңзеген.

"Абай Бегей не дейсіз? Қажылық пен қайырымдылық пен ақтап аламыз деп ойлайсыздар ма?",-деген заңгер.

Осы мәселені көтерген сәтте заңгер Ерке Абайқызының бір түнде 42 постын өшіргенін айтқан. Бірақ олар бұрын тұрған посттарды фото-видеоға түсіріп, арыз жазылып қойғанын айтты. Жоқ дегенде Ерке Абайқызы айыппұл арқалайды деп отыр заңгер.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар