Басты жаңалықтар

Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Сондай-ақ ол Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады.

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлады Ақорда.

"Биылғы 2-4 шілде күндері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады.

3-4 шілдеде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді, қалада қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр.