«Марқұмды рейтингі үшін пайдаланды»: Дильназ Ахмадиева Салтанат Нүкеноваға арнап ән шырқады (ВИДЕО)
Әнші өзінің қолынан ән орындау ғана келетінін жазды
Әнші Дильназ Ахмадиева экс-министр Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкеноваға ән арнады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әнші «Кеш» деп аталатын жаңа әнін өзінің желідегі парақшасында бөлісті.
«Бұл қорқынышты трагедия туралы мен сіздермен және елмен бірге естідім. Бірге жыладым, ұйықтай алмадым, уайымдап, дұға жасадым. Менің қолымнан келгені тек Салтанатқа арнап ән арнау болды. Айтбек Амангелді, сізге бәрі үшін алғыс айтамын. Сіздің отбасыңыз үшін қаншалықты ауыр екенін тіпті елестету мүмкін емес. Бәріңізге денсаулық, күш-қуат тілеймін. Ән адамдардың жүрегіне жетеді деп үміттенемін», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары әншінің жаңа туындысына түрлі пікірлер жазды. Біріәннің жүрекке жеткенін жазса, тағы бір топ тұрмысқа шығып сахнадан көрінбей кеткен әншіге "Салтанаттың атын пайдаланып жаңа әннің, өзінің рейтингін көтермекші" деген айып тақты.