Саясат

Нұрлан Қоянбаев жаңа қызметке тағайындалды

Актер енді облыс әкімінің кеңесшісі.

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің креативті индустрияны дамыту бағыты бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.


Нұрлан Қоянбаев 1979 жылдың 19 шілдесінде Қызылорда облысында дүниеге келген. 1996-2000 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультетінде білім алған. 2009-2011 жылдары экономика және құқық академиясында қаржы және несие факультетінде оқыды. 2012-2015 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да халықаралық қатынастар мамандығы бойынша магистратураны бітірді.


Бұған дейін ол ҚР Президенті телерадиокешенінің креативті директоры, "Қазақстан" ұлттық телеарнасының бас продюсері қызметін атқарған. Республикалық телеарналарда басқа да танымал жобаларды ұйымдастыруға атсалысты.


2021 жылы ҚР Президентінің жарлығымен "Шапағат" медалімен марапатталды.