Мәдениет

“Жеке басына тіл тигізбедім”: қойшы бала Жігер Ауыпбаевтан не үшін кеткені туралы айтты

Әкем Жігер ағаның алдынан өтіп, мені алып кетті.

Әнші Айдос Кәден ұстазы болған Жігер Ауыпбаев туралы сөз қозғады. Айтуынша абайсызда қателік жіберген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы жас әнші “Менің өмірім” бағдарламасына берген сұхбатында әңгімеледі.

"Менің сөздерім әлеуметтік желіде таралып кетті. Ол жерде артық ештеңе айтқан жоқпын. Жігер ағаның жеке басына тіл тигізбедім. Жеке дара бөлек кету туралы ойымды алғаш рет әкеме айттым. Ол кезде мен "болдым, толдым" деп ойладым. Әкем Жігер ағаның алдынан өтіп, мені алып кетті. Бірақ кейін қатты өкіндім. Өнерде білмейтін дүнием көп екен. Осы эфирді пайдаланып, Жігер ағамнан және халықтан кешірім сұраймын. Енді мұндай қателік жасамайтын шығармын. Бұл маған үлкен сабақ болды. Жігер ағаның сенімінен шығып кеттім. Ренжітіп алдым. Енді қайта барсам, ол кісі маған бұрынғыдай жаны ашып, еңбек етпейтін шығар. Менен қателік кетті", – деді ол.