«Өзінің дәретін ішкізетін»: шымкенттік емшінің ұлы әкесінен көрген қорлығы туралы ашып айтты
16 жастағы ер бала әкесінің қолында 3 жыл тәрбиеленген
Шымкентте асырап алған балаларын қорлап, оларға иттің етін беріп келген емші Ұлықбек Сманов туралы үлкен ұлы сұхбат берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі «Көреміз» бағдарламасына сілтеме жасап.
Еңгезердей еркек заңды некедегі жары екеуі жетім балаларға ит-мысықтың етін беріп, зәрін ішкізген көрінеді. Асыранды балалардың үлкені сұмдық жайтты өз аузымен баяндап берді.
“Мені асырап алған адам қойлар жоғалса, ұратын. Басымды жаратын. Басымды жарып, өзінің дәретін ішкізетін. Ол үйде жүргенде менің жағдайым қиын болатын. Күн сайын ауыр жұмыстар істеткізетін. Сағат таңғы 5-те тұрғызып шөп салғызатын. Сағат 7-де жуынып сабаққа барамын. Сабақтан келемін, мал бағатынмын. Күн суықта мал өліп қалса, соны бізге сойып беретін еді. Бәріне бізді кінәлайтын. Малға бірдеңе болса бізді ұратын. Итті сойып, етін жегізетін. Төрт баланың қолын байлайтын еді. Жан-жаққа кетіп қалмау үшін солай байлап қоятын. Бауырларым дәретін жіберіп қойса, нәжісін жегізетін еді”, – дейді бала.
16 жастағы ер бала әкесінің қолында 3 жыл тәрбиеленген. Айтуынша, асырап алған отбасы оны жылдар бойы еңбек құлдығына жегіп бес бауырын ұрып-соғып келіпті.
«Түнде ұйықтағанда олардың аяқ-қолын байлап қояды екен. Қасымасы дейді екен. Дер кезінде шомылмаған. Қандай тамақ жейсіңдер деген кезде бізге сарайдағы мышықтарды сойып береді деген. Өкінішке орай көршілері біледі екен. Бірақ тәуіп сымақ болып, дуа келтіремін дейді екен. Қасындағы көршілері одан қорқады екен. Денесінің көгергені болған, балалар мүлдем шомылмаған», - дейді Шымкент қаласы бойынша балалардың құқығын қорғау өкілі, Жаннета Жазықбаева.