«Дене жарақаттарын қалдырды»: Қуандық Бишімбаев түрмеде төбелес шығарды
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 шілде, 2024
- 19.3k
Әлеуметтік желіде ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың төбелес шығарғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Астана қаласының тергеу изоляторында жазасын өтеушілер Б.К мен М.А. арасында жанжал туындаған. Оның арты төбелеске ұласып кеткен.
«Жанжал кезінде сотталушы Б.К сол камерада отырған 1986 жылы туылған басқа сотталушының денесіне көптеген дене жарақаттарын қалдырды», — деп хабарлады зардап шеккен тараптың адвокаты.
Хабарламаға сәйкес, оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта тергеу органдары жанжалдың барлық мән-жайы мен себептерін анықтауда.
Алайда, экс-министрдің адвокаты Лейла Рамазанова мен құқық қоғаушы Бауыржан Мусин бұл ақпаратты жоққа шығарды. Orda.kz ресми түсініктеме алу үшін Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне хабарласты.
Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда оқушы қызды зорлаған 48 жастағы ер адам сотталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024