Ақтауда инкассатор өзін атып өлтірді: банк мәлімдеме жасады
"Halyk Инкассация" үй-жайында жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр
Ақтауда өз-өзіне қол жұмсаған инкассатордың ісі бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Halyk инкассациясы" компаниясы Ақтау банкіндегі инкассатордың өз-өзіне қол жұмсау ісіне түсініктеме берді.
«Ақтаудағы инкассатордың өз-өзіне қол салғанын қалалық полиция басқармасы растады. Қайғылы оқиға орын алған "Halyk Инкассация" үй-жайында жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Компания тергеу аяқталғанға дейін істің мән-жайы жөнінде кез келген түсініктеме мен жария етуден бас тартады», - делінген хабарламада.