Астана күні мен ШЫҰ саммитінің құрметіне елордада отшашу болады
Елорда әкімдігі мәліметінше, отшашу шамамен сағат 22:00-ден 22:30-ға дейінгі аралықта болады.
Елордада 3 шілдеде Астана күні мен ШЫҰ саммитін өткізу қарсаңында Ботаникалық бақта отшашу болады. Бұл туралы KYN.KZ әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.
"Техникалық дайындық мақсатында 3 шілдеде сағат 19:00-ден бастап Ботатинкалық бақ аумағы жартылай жабылады.Бұл қоршау азаматтардың қауіпсіздігі үшін, техникалық аймақ бөлімшесі үшін қажет. Отшашуды іргелес аумақтардан, соның ішінде "Ұлытау" скверінің аумағынан көруге болады", - делінген хабарламада.
Әкімдік өкілдері 6 шілдеде сағат 18:00-де ЭКСПО аумағында "Open Air" мерекелік концерті өтетінін еске салды. "Концерт аяқталғаннан кейін дрондардың жарық шоуын өткізу жоспарлануда. Дрондар шоуының шамамен өтетін уақыты сағат 22:15-те (22:30)", - дейді ведомство өкілдері.