Қатты жаңбыр: Синоптиктер 3 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады
Респубдиканың көп бөлігінде бүгін жаңбыр жауып, найзағай ойнайды
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 3 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Астанада ауыспалы бұлт, кейде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Солтүстік-батыс жел 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 21-23 жылы.
Алматыда болса бұлтты болғанымен жауын-шашынсыз өтеді. Оңтүстік-батыс жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 27-29 жылу. Шымкентте жауын-шашынсыз бұлт аз. Оңтүстік-батыс жел секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз - 31-33-ге ыстық болады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында батыстан жел соғады 15-20, Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28 м/с.
Абай облысының шығысында, оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр құюы мүмкін. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде,оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында әлі де өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күндіз 15-20 м/с. Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысын тұман басады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыста 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, шығысында өрттің тұтану қаупі өте жоғары. Батыс Қазақстан облысының батысында күн күркірегенімен 35-37 градус қатты ыстық сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ жауып, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде де жауын-шашынның арты бұршақ ұласады деп күтілуде. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман басады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетпек.