Саясат

Ресей Президенті Астанаға келді

Путинді Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оны әуежайда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды.

5 жыл ішінде Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 56,5%-ға өсіп, $66 млрд құрады. 2024 жылғы қаңтар-сәуірде ұйым ішіндегі өзара сауда көлемі $19,1 млрд  құрады. Осы кезеңде ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы $7,4 млрд құрады.