Қоғам

Оңтүстік Қазақстанда жігіт жүріп жүрген қызын зорламақ болып, оны өлтіріп тастаған

Ауыл тұрғындарының айтуынша, екі ғашық бір жылдан бері кездесіп жүріпті.

Оңтүстік Қазақстанда бір жыл бойы кездесіп жүрген қызын зорламақ болған жігіт оны өлтіріп тастаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға Сайрам ауданы Ақсукент ауылында орын алған. Бұл туралы abdulla_kz_kz Instagram парақшасы бөлісті.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, екі ғашық бір жылдан бері кездесіп жүріпті. 30-шы маусым күні қызды жігіті кешкі сағат 18:30-да жұмысынан көлігімен алып кеткен. Жігіт өз үйінде ешкім жоқтығын пайдаланып, гаражға тоқтаған. Содан кейін қыз ол жерден аман шықпапты.

Марқұмның туыстары жігіт қызды зорламақ болыпты. Өйткені денесінде зорлық белгілері бар, көгерген және мұрны сынған. Ал жігіттің жақындары қыздың газдан уланып қайтыс болғанын айтып, оның кінәсі жоқтығын алға тартуда.  

Алайда, жігіт қылмысын жасырмақ болып, туған ағасы мен әпкесін шақырған. Олар бірлесіп марқұмның аузына газ жіберіп қорлаған. Қыздың туыстары сол күні жігіттің үйіне бірнеше рет хабарласқандарын айтады. Ендігіде олар қыздарын зорламақ болып өлтірген қылмыскердің жазаға тартылуын талап етеді.