Қоғам

Балаларға мүшеқапты киюді үйретуде: қырғызстандықтар Қазақстандағы жыныстық тәрбиеге үйрететін лагерьлерді көріп шошыды

Қазақстанда жазғы лагерьдегі балаларға ер адамның жыныс мүшесіне мүшеқап киюді үйретеді

Қырғызстандағы пабликтерде жазғы лагерьде жүрген қазақ жасөспірімдеріне ер адамның жыныс мүшесіне мүшеқапты қалай кигізуді үйретіп жатқаны туралы видео тарап кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы cmn.kz сайты жазады.

«Қандай сұмдық! Қазақстанда жазғы лагерьдегі балаларға ер адамның жыныс мүшесіне мүшеқап киюді үйретеді (бейне қараңыз). «Сабақты» БҰҰ қолдауымен құрылған YPEERKAZAKHSTAN атты команда жүргізеді екен. Сіз де Қазақстандағыдай болсын дейсіз бе, Байсалов мырза?», - деп жазған Салем Қырғызстан.

Айта кетсек, жаттығу көрсетілген видеода ер адамның жыныс мүшесі жоқ. Лагерь Қазақстанда 2023 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол жерде жасөспірімдерге жыныстық тәрбие беру сабақтары өткізіледі.