Қоғам

«Құтырма ауруына шалдыққан малдың етінен бәліш пісіреді»: желіде тараған ақпарат жұртты шошытты

Бұл ақпаратты ауыл шаруашылығы министрлігі жоққа шығарды

WhatsApp желісінде құтыру ауруына шалдыққан ірі қара малының етін Қырғызстаннан Қазақстанға әкелінгені туралы аудио хабарлама тарап жатыр. Автордың айтуынша, ол етпен бәліш пісіріп сатады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі stopfake.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл ақпаратты ауыл шаруашылығы министрлігі жоққа шығарды

«2011 жылғы 19 қазанынан бері Қырғыз Республикасы аумағынан ауыл шаруашылығы жануарлары: сиыр, қой және шошқа еті әкелінбейді. Егер етті контрабандалық жолмен тасымалдау әрекеті расталса, шекарада бақылауды күшейту бойынша шаралар қолданылады", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Дәл осындай аудиохабарлама 2021 жылы да тараған болатын.

«Айта кету керек, Жамбыл облысында Қырғыз Республикасымен шекаралас аумақта төрт ветеринарлық бақылау бекеті бар: «Қарасу», «Қордай», «Сыпатай батыр» және «Айша-бибі», онда ветеринариялық инспекторлар әкелу кезінде құжаттамалық, физикалық және зертханалық бақылау жүргізеді», - деді.