Қоғам

90 жастағы зейнеткер гранатаны 20 жыл бойы балға ретінде қолданып келген

Полиция гранатаны тәркілеп, осынша уақыт бойы жарылмағанына қайран қалған.

Қытайда 90 жастағы зейнеткер жауынгерлік гранатаны балта ретінде қолданып келген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қарт әйел гранатамен 20 жыл бойы егінді түптеп, балта ретінде қолданған. 

Айтуынша, гранатаны бір кездері өз фермасында жер қазып жүріп кездейсоқ тауып алған. Оны біреудің қолдан жасаған балтасы деп ойлап, сол бойы шаруашылықта қолданып келіпті. 

Балта ретінде қолданып келген гранатаны кемпірдің ескі үйін бұзуға келген жұмысшылар көріп, бірден полицияға хабар береді. Сөйтіп “балта гранатаны” олар жарып, көзін жойды.