Мәдениет

Танымайтын адамдарды үйінде қонақ қылған Айнұр Тұрсынбаева жұртты сүйсінтті

Айтуынша, қонақпен үйіне келген соң ғана танысады екен.

Айтыскер, коуч Айнұр Тұрсынбаева өзінің қонақжайлылығымен көпшілікті сүйсінтті. Ол кейбір кісілерді танымаса да үйінде қонақ қылып күтетінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Айтуынша, қонақпен үйіне келген соң ғана танысады екен.

"Қазақ пен қонақ егіз ұғым. Кейбір қонақтармен үйге келген соң танысамыз ғой. Бұл бұрынғы қонақ, бүгінгі қонақты ертең саламын", - деп жазды Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Желі қолданушылары Айнүр Тұрсынбаеваның қонақжайлылығы мен мейірімділігіне тамсанды.