Қоғам

Тұңғыш рет қазақ әйелі Моңғолияда депутат болып сайланды

Шетелдік БАҚ-тар оның Моңғолияда депутат болып сайланған тұңғыш қазақ әйелі екенін жазуда

Қазақстандық Замира Сонгобайн Моңғолия парламентіне депутат болып сайланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Шетелдік БАҚ-тар оның Моңғолияда депутат болып сайланған тұңғыш қазақ әйелі екенін жазуда.

Замира 2023 жылы қабылданған заң бойынша сайланған 32 әйелдің қатарында.

Замира Моңғолия Іскер әйелдер қауымдастығының басқарма мүшесі, бес баланың анасы. Ол экономист оқуын аяқтаған.