Қоғам

«Қызға обал»: Астанада жігіт бойжеткенді тапа-тал түсте ұрған (ВИДЕО)

Видеоға түсіре бастағанда жігіт өзін ұстап, тынышталып қалған

Астанада жігіт тапа-тал түсте бойжеткенді ұрған. Көшеде өтіп бара жатқандар көріп қалып, араша түскен, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Автордың айтуынша, жігіт қызды көшеде ұрған. Бойжеткеннің айғайлаған даусын естіген соң қасында барып, видеоға түсіріп алған.

«Оқиға 2 шілде күні сағат 16:30-да «Свой дом» ауданында болды. Бірден полицияға хабарластық. Ары қарай не болғанын білмейміз. Қасында екі әйел және ер адам қалды. Немен аяқталғанын білмеймін. Жас қызға обал. Видеоға түсіре бастағанда жігіт өзін тынышталып қалды. Оған дейін әйелге және қызға бейәдеп сөздер айтыпғ айғайлап жатқан. Видеода өзін әрең ұстап отырғаны көрінеді», - деп жазды видео авторы.